388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар депозитке ақша салудан бірінші орында тұр

  • 852
  • UPD: 12:27, 28.06.2019

Қазақстандықтардың депозиттеріне 7,4 трлн теңге жиналған. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері хабарлайды.

Оның 4 трлн теңгеден астамы ұлттық, ал 3,3 трлн теңгесі шетелдік валютадағы мерзімді салымдар. Қаржының басым бөлігін Алматылықтар жинаған. Олардың шоттарында 3,1 трлн теңге бар. Екінші орынға 951,6 млрд теңге салымымен Нұр-Сұлтан қаласы жайғасты. Үштікті Қарағанды облысы түйіндейді. Олар депозитке 519,5 млрд теңге жинаған. Маусым айының басында депозиттерде ең аз ақша Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркелген.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ресми сапарға қатысатын бір кәсіпорын өкілінің шығындарын өтейді. Олар сауда миссиясын орындауға арналған конференц-залды жалға алып, қатысушының орналасуына көмектеседі.  Ресми деректерге сәйкес, 2018 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 900 млн АҚШ долларын құраған. Ал биыл бұл көрсеткіш 944 млн долларға жеткен. Қазақстанның бұл мемлекетке ауыл шаруашылығы өнімдері экспортты  көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Ең алдымен бұл бұршақты дақылдар, жарма және өсімдік майы. Бұдан басқа, машина жасау, қара металлургия, фармацевтика және химия өнеркәсібі салаларындағы экспорт әлеуеті жоғары. 

Қытай АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иран мұнайын сатып алуды жалғастыруда. Бұл туралы Financial Times хабарлайды. Олардың мәліметтеріне сәйкес, 20 маусымда Иранның «Салина» Ұлттық компаниясының танкері  Цзяочжоу шығанағындағы айлаққа тоқтаған. Анықтама ретінде айтып өтейін, Танкердің бұл түрі 1 миллион баррельге дейін мұнай тасымалдай алады. Сандай-ақ,  алдағы бірнеше күнде Иранның мұнайы бар жаңа танкерлер Қытайға келеді хабарланады.  FGE консалтингтік  компаниясының болжамы бойынша маусым айында Иранның мұнай экспорты көлемі тәулігіне 500 мың баррельден төмен болады. Ал мұндағы Қытайдың үлесі тәулігіне 200 мың баррльді құрайды. 

Зерттеулерге са 2023 жылы «ақылды қала» технологиясына  жұмсалатын қаражат 189,5 миллиард долларға жетеді. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлады. Сарапшылардың пайымдауынша, шығынның басым бөлігі энергетика және инфрақұрылым салаларына болады.  Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялар көмегімен көлік желісін дамытуға да көңіл бөлінеді.  Барлық инвестициялардың жартысынан астамы осы бағыттарға жұмсалады. Инновациялық технологияларға ең көп инвестиция құятын мемлекет -  Сингапур.  Онда Virtual Singapore бағдарламасы жүзеге асырылады. Шығындардың жалпы көлемі бойынша екінші орында Нью-Йорк, бестікке Токио, Лондон, Пекин және Шанхай кіреді. 2020 жылға қарай бұл аймақтар «ақылды қала» технологиясына жылына 1 млрд доллардан астам қаржы жұмсайды деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы