386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

  • 218
  • UPD: 12:15, 10.09.2019

Еліміздің ұлттық банкі базалық мөлшерлемені көтерді.

Енді ол жылдық мәнде 9,25 процент деңгейіне жетті. Банк басшылығы неліктен мұндай шешім қабылдады?

Негізінен мұндай қадам төл валютамыз теңгенің құнын арттырып, инфляцияның өсімін тежеу сынды мақсатта жасалады.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 процентке көтеру туралы шешім қабылдады. Қаржыгерлердің мұндай байламға келуіне инфляцияның күтілген деңгейден жоғарылауы түрткі болса керек. Тамыз айының қорытындысы бойынша ол 5,5 процентке жетті. Тұтынушылық сұраныстың кеңеюінен туындаған проинфляциялық қысым алдыңғы болжаммен салыстырғанда ұлғайды, бұл инфляцияны 2019 жылдың соңына қарай 5,7-5,8 процент деңгейіндегі нысаналы дәліздің жоғарғы шегіне итермелейді. Енді осы базалық мөлшерлеменің не екеніне тоқталсақ. Бұл ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге несие беруде қойған пайыздық үстемесі. Яғни енді халыққа несие беретін екінші деңгейлі банкер де пайыздык үстемені көтеруі ғажап емес.

Тұтынушылық несие көлемі 3,8 трлн теңгеге жетті

Елімізде кепілсіз тұтынушылық қарыз алушылардың қатары артты. Несие нарығындағы статистикалық мәліметке қарасақ, оның бір жыл ішіндегі көрсеткіші 30 процентке көбейді. Яғни 3,8 триллион теңгеге жетті. Экономиканы несиелеудің жалпы көлеміндегі бөлшек несиелердің үлесі 38,1 процентті құрады. Оның 63,2 проценті тұтынушылық несиелер болды. Бұл несие портфелінің 29 проценттейіне тең. Кепілсіз тұтынушылық несиені еліміздегі 19 екінші деңгейлі банктен алуға болады. Олардағы минималды пайыздық үстеме 17 проценттен басталады. Ал қарыздың максималды сомасы – 7 миллион теңге. Қарыз беру ұзақтығы – 84 ай.

Мемлекет бюджетінің кірісі 7,1 триллион теңгеге жетті

Биылғы жеті айда мемлекет бюджетінің жалпы кірісі 7,1 триллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 прцентке жоғары. Былтыр мемлекет қазынасына 6,2 триллион теңге түскен. Қаржы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда биыл бюджеттің барлық деңгейінде қаржыны игеру жақсарды. Дегенмен жеті айда бюджет тапшылығы 581 миллирд теңгеден асты. Өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есеге жоғары. Айта кетейік, мемлекет қазынасына түсімнің 68 проценттейі салықтан келеді. Сондай-ақ салықтық емес түсімнен 127,6 миллиард теңге кіріс кірді. Ал негізгі капиталдың сатылымнан 60 миллиардтай ғана түскен. Трансферттердің түсімі азайған. Биыл оның үлесі 29 жарым процентті құрады.

АҚШ пен Қытай арасындағы тауар айналым қысқарды

Өткен сегіз айда АҚШ пен Қытай арасындағы тауар айналым 14 процентке кеміп, 355,6 миллиард долларды құрады. Қытайдың кеден қызметінің ақпараттарына қарағанда бұл елден АҚШ-қа 275 жарым миллиардтың тауары экспортталды. Ал импорт көлемі одан 80 миллиард долларға көп. Айта кетейік, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда теке-тіресінің басталғанына 1 жылдан асты. Қыркүйекте ғана АҚШ билігі қытай тауарларына 112 миллиард доллар болатын БАЖ салығын көбейтті. Жауап ретінде Қытай да АҚШ тан келетін импортқа 75 миллиард доллар баж салығын өсірді. Дегенмен биылғы сегіз айда Қытай мен Ресей арасындағы тауар айналым 8 процентке көбейіп, 39 миллиард долларды құрады. Жалпы Қаңтар мен тамыз аралығында Қытайдың шет елдермен тауар айналымы 20 триллион юаньнан асты. Оның ішінде экспорт 6 процентке импорт 0,8 процентке өсті.  

Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамына тоқталайық. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ -тың бір доллары 386 теңге 51 тиынды құрайды. Айырбастау бөлімшелерінде долларды 387-388 теңгеден сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы