384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені төмендетті

  • 715
  • UPD: 23:52, 21.08.2017

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені бір пайыз дәлізбен 10 бүтін жүзден 25 пайызға дейін төмендетті. Бұған дейін бұл көрсеткіш 10 бүтін, оннан 5 пайыз болған еді.

Базалық мөлшерлемені төмендетуге бірнеше фактор әсер еткен. Шілдеде жылдық инфляция болжанғандай азық-түлік нарықтарында бағаның төмендеуінің ықпалымен 7,1 пайызға дейін баяулаған. Екінші тоқсанда халықты жұмыспен қамту 0,7 пайызға артқан. Жеті айдың ішінде бөлшек тауар айналымы 6,4 пайызға өссе, экспорт көлемі 38,3 пайызға ұлғайды. Халыққа несие берудің біртіндеп өсуі тұтынушылық сұранысқа қолдау көрсетіп отыр. Теріс факторлардан бас банкир Данияр Ақышев әлемдік нарықтағы астық, сүт және қант бағасының қымбаттап, керісінше мұнай бағасының арзандап отырғанын атап өтті. Алайда қара алтын құны біртіндеп қалпына келе бастады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

– Мұнай бағасының қалпына келе бастағанын көріп отырмыз. Маусым айындағы арзандаудан кейін бір баррельдің бағасы 50 доллар төңірегіне тұрақтады. Халықаралық сараптамалық ұйымдардың болжамы бойынша, жақын арада мұнай бағасы 50 доллардың шамасында немесе одан сәл қымбаттау болады.

Хабар 24 телеарнасы