385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еркін сауда айналымы ТМД елдерінің экономикалық даму мүмкіндігін арттырады

  • 968
  • UPD: 22:00, 15.10.2017

Достастыққа мүше мемлекеттер арасында сауда айналымы артып, кәсіпкерлік жанданады.

Сауда-экономикалық кооперация қауымдастықты жаңа сатыға шығарады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД саммитінде айтты. Осы бағыттағы жұмысты қарқынды түрде жүргізу қажеттігін де атап өтті. Сарапшылар да бұл пікірді толық қуаттап, аталған жайттар ТМД-ның өсіп-өркендеуіне оң ықпал ететінін айтты.

Мадияр Кенжеболат, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталық директорының орынбасары:

– ТМД мемлекеттері мен ЕО елдерімен қарым-қатынасымызды одан әрі жандандыру қажет. Мәселен, біздің елдің ЕЭО-пен сауда айналымы едәуір жоғарылады. Экспорт 37 пайызға, импорт 32 пайызға өсті. Бұл өте жақсы көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы