369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Қазақстан Президентінің ұлттық валютаны қолдану жөніндегі ұсынысы дер кезінде көтерілді

  • 163
  • UPD: 15:52, 14.06.2018

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің өзара ұлттық валютамен есеп айрылысуы ішкі экономиканы өзгеге тәуелділіктен арылтады.

Ал Бейжің-Астана-Мәскеу-Берлин бағытындағы теміржол Еуразиялық кеңістіктің алыс-беріс барыс-келісін жақсартады. «Нұрсұлтан Назарбаевтың саммитте көтерген бастамалары бүгінгі күннің өзекті мәселесі», – дейді өзбекстандық қайраткер Акмал Рахманов. Циндао декларациясы шын мәнінде достықтың алтын көпіріне айналды. ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары жастарға үлкен сенім артып отыр. 3 миллиардтан астам халықтың азық-түлік қауіпсіздігі де ескерілді. «Экономикалық қуатты ұйымның экстремизмге қарсы нақты іс-қимыл жоспары бар», – дейді мәжіліс депутаты.

Акмал Рахманов, Өзбекстан Олий Мәжілісінің депутаты:

– Қазақстан Президентінің ұйымға мүше елдер мен Азия мемлекеттері өзара саудада ұлттық валютаны қолдану жөніндегі ұсынысы дер кезінде көтерілді деп айта аламын. Дәл осы бастама өзге мемлекеттердің ерекше назарын аударды. Бұл әр мемлекеттің экономикасын көтеруге негіз болады. Саммитте 20-дан астам құжатқа қол қойылды. Оның барлығы – ұйымның келешегі үшін жасалған келісімдер. ШЫҰ-ға мүше елдердің ауызбіршілігі мен ынтымағы тағы бір сатыға көтерілді десек дұрыс болады.

Осы категория бойынша: « Сарапшы: Қазақстан басшысы экономиканың жалпы цифрландырылуына үнемі көңіл бөледі «Атамекен» ҰКП бес жылда 111 млрд теңгеден астам қаржының меншіктік құқығын қорғады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы