367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ЭМ: Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты, жанар-жағармай тапшылығы жоқ

  • 219
  • UPD: 13:51, 14.08.2018
ҚР ЭМ: Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты, жанар-жағармай тапшылығы жоқ

2018 жылдың 7 айындағы отын-энергетика саласының негізгі даму көрсеткіштері туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып берді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, мұнай мен конденсант алу көлемі 53 млн теңгеге жуық болды, бұл 2017 ж. осындай кезеңімен салыстырғанда 6,1% артық.

«Үш ірі жоба бойынша мұнай алу 31,9 млн т құрады, оның ішінде Қашаған кен орнында – 7,4 млн тг, Теңізде – 17,2 млн тг, Қарашығанақта – 7,3 млн тг», – ақпараттандырды Қ.Бозымбаев.

Сонымен қатар, мұнай экспорты 42,8 млн т құрады, бұл 2017 ж. осы кезеңмен салыстырғанда 6,1% артық. Мұнай өңдеу көлемі 9,18 млн т құрады. Мұнда өсім 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5% көрсетті. Үш МӨЗ мұнай өнімдерін өндіру көлемі 6,38 млн тг құрады, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3% артық.

«Жалпы, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты және жанар-жағармай тапшылығы жоқ», – деді Қ.Бозымбаев.

Министр атап өткендей, Қазақстанда Аи-92 жанармайының орташа құны 156,13 теңге, дизельді отын – 181,83 теңге. 13.08.2018 ж. мәлімет бойынша, жанар-жағармай қалдығы ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жеткілікті: АИ-92 жанармайы – 336 мың тонна, дизельді отын – 246 мың тонна.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін күзгі егін жұмыстарын жүргізу үшін 394,4 мың тг жанар-жағармай бөлінгенін атап өткен жөн.

Газ өндіру көлемі 32,8 млрд м3 құрады. Есепті кезеңде 12,3 млрд м3 газ экспортталды. 7 ай ішінде 1,8 млн т сұйытылған газ, 486,5 мың т мұнай битумы, 63,4 млрд кВтс электр энергиясы өндірілді. Көмір концентратынсыз, көмір өндіру көлемі 60 млн т құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,9% өсім көрсетті.

7 ай ішінде ішкі нарыққа 42,5 млн т көмір жеткізілді, экспорт – 15,5 млн т. Қазақстандық тұтынушыларға жеткізілген көмірдің жалпы көлемінен 76,2% немесе 32,4 млн т энергия өндіретін кәсіпорындарға жеткізілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге 5,3 млн т көмір жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,6 мың тоннаға аз.

Уран өндіру көлемі 12,5 мың тоннаға жуық болды, бұл 2017 ж. осы кезеңімен салыстырғанда 94% құрайды. Аталған көрсеткіштің төмендеуі әлемдік нарықта уран бағасының тұрақты түрде төмен болуына байланысты.

«Отын-энергетика саласы тұрақты дамып келеді. Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу министрліктің тұрақты бақылауында және мониторингке алынған», – деп түйіндеді Қ.Бозымбаев.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Осы категория бойынша: « Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік тасымалдар көлемі жеті айда 40% өсті – ҚР ИДМ Б.Сағынтаев тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы