386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд долларға жетті

  • 731
  • UPD: 12:43, 13.12.2018

Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара алыс-беріс былтырғы жылмен салыстырғанда 49%-ға өсті.

Бұл ақпар Токиода өткен Қазақстан-Жапония бизнес-форумында айтылды. Онда еліміздің делегациясын инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов бастап барды. Жиынға Жапония үкіметінің өкілдері мен жиырмадан астам ірі компаниялар қатысты. Инвесторларға көлік және логистика, химия және мұнай химиясы, сондай-ақ дәстүрлі және баламалы энергия саласындағы жобалар ұсынылды. Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевтың айтуынша, Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістерді нығайту және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау Қазақстан экономикасына инвестиция салу үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Ал Арыстан Қабыкенов еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымы және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының инвестициялық комитетіне мүше болуы инвесторларға қазақ экономикасына өз үлесін қосуға мүмкіндік ашқанын жеткізді.

Ерлан Баударбек-Қожатаев, ҚР Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қос елдің арасындағы екіжақты сауда айналымы былтырғы жылдың көрсеткішінен асып түсіп, 1 миллиард 400 миллион долларға жетті.

Шигеру Ямазое, Marubeni басқарма төрағасының орынбасары:

-  Marubeni үшін Қазақстан - өте маңызды нарық. Бүгінгі күні біздің компания уран және басқа да табиғи ресурстарды игеру жобаларына инвестиция салды. Сондай-ақ энергетикалық және «жасыл» технологияларды қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Қазақстан экономикасының өсіміне қарап, тек Marubeni ғана емес, басқа да жапондық компаниялар Қазақстан экономикасына инвестиция салуды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы