389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем бойынша бензиннің бағасы қанша тұрады?

  • 683
  • UPD: 11:42, 14.01.2019

Әлем бойынша бензин құны литріне 1 доллар 8 цент. Алайда елдер арасындағы баға айырмашылығы жер мен көктей. Әдетте дамыған мемлекеттерде жанармай бағасы жоғары екені мәлім. Ал қара алтын өндіріп, экспорттайтын дамушы елдерде баға төмен. Дегенмен, жаһан бойынша бірінші экономика саналатын АҚШ-та ғана бензин құны қолжетімді - 68 цент.

Қалған республикалардағы баға саясаты салық мөлшері мен жеңілдік көлеміне байланысты. Мәселен, ең төменгі баға Венесуэлада. Мұнда бензиннің литрі небәрі 1 цент. Иранда 29 болса, Қазақстанда 48 цент немесе 170-180 теңге аралығында. Көрші Өзбекстанда 54, Ресейде 68 цент немесе 38 рубль. Қытайда шамамен 1 доллар. Мұнай өндіруші Норвегияда 1 доллар 85 цент және Монакода шамамен 2 доллар. Ең жоғары баға Гонконгта, мұнда бензиннің литрі 2 доллар 4 центке тең. Қазақстанға келер болсақ, елде жанармай өндіру мәселесі жүйелі шешіліп келеді. Мәселен, «Энерджи-Пром» порталы ұсынған дерекке сүйенсек, елдегі бензиннің барлығы дерлік - отандық. Соңғы жыл ішінде өндіріс көлемі импортты ығыстырып, шамамен 30-ке артқан. 

Түркістанда 4377 пәтер қолданысқа беріледі

2020 жылға қарай Түркістан облысында көпқабатты 63 тұрғын үй салынады. Оның 20-сы облыс орталығында болса, қалғаны аудандарда бой көтермек. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге, облыстық қазынадан 7 млрд 300 млн теңге бөлінеді. Айта кетейік, өткен жылы облыстық бюджет «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде екіқабатты 31 тұрғын үйдің құрылысына қаражат бөлген болатын. Бүгінде 12 үй тұрғызылып, пайдалануға берілді. Қалған нысандардың құрылысы бірінші жартыжылдықта аяқталады. Сонымен қатар былтырдан бері «Түркістан Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» көмегімен көп қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жеке компаниялар «Түркістан – жаңа қала» тұрғын үй кешенінде қосымша 88 нысан салуды көздеп отыр. Жалпы биыл 4377 пәтерді қамтитын 44 тұрғын үйді тапсыру жоспарланған. Баспана «7-20-25» бағдарламасымен беріледі.

Венгриялық қызметкерлер үстеме жұмысқа қарсы

Венгриялық қызметкерлер жұмыс күнінің тағы 2 сағатқа ұзартылуына қарсы наразылық шеруіне шықты. Тиісті шешімді таяуда ел үкіметі қабылдаған болатын. Елдің Еңбек Кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бұдан былай әр венгриялық қызметкер айына 400 сағат көлемде қызмет атқаруға міндетті. Бұрын бұл көрсеткіш 250 сағат болатын. Алайда, жаңа заңда: мерзімінен тыс еңбек ақысын 3 жыл ішінде бөліп төлеу туралы шарт ереуілшілердің ашуына қосылған тұздықтай болды. Жергілікті биліктің айтуынша, реформалар еңбек күші тапшылығын төмендетуге бағытталып отыр. Осылайша, Мажарстандағы жұмыссыздық деңгейі 3,7 процентке төмендеген. Сөйте тұра бос жұмыс орындарының саны екі есе артты. Жұмыс күшінің тапшылығына елде егде жастағы азаматтардың көбеюі мен дарынды жастардың шетелге кетуі себеп болып отыр. Жастарды отанына қайтару бойынша үкімет баспана мен түрлі жеңілдіктерді қамтитын бағдарламаны ұсынған. Дегенмен, жергілікті жастарды келімсектер ауыстырып жатыр. Бірақ кейбір саясаткерлер жаппай көші-қон саясатына қарсы шықты.

Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 59 центке төмендеп, 60 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1 долларға арзандап, баррелінің бағасы шамамен 51 доллар 60 центке жетті.

Хабар 24 телеарнасы