378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында экономиканың даму қарқыны 5%-тен артқан

  • 316
  • UPD: 22:07, 18.01.2019

Ақтөбе облысында экономиканың даму қарқыны 5 проценттен артқан. Мұндай көрсеткішке соңғы екі жылда тұрақты түрде қол жеткізілген.

Бұл туралы өткен жылды қорытындылаған  облыс басшысы мәлімдеді. Былтыр өңірде 1,9 трлн. теңгеге тауар өндірілген. Ал сырттан тартылған инвестиция көлемі 516 миллиард теңгені құрады. Бұл да облыс үшін ең жоғарғы көрсеткіш. Қолданысқа берілген баспана көлемі 900 мың шаршы метрді құрап, аймақ еліміздегі үздіктердің қатарынан табылды. Сондай-ақ биыл бос кен орындарының әлеуетін пайдалану көзделіп отыр. Ал бизнес пен жеке меншік кәсіптің әріптестігі аясында әлеуметтік саланың дамуына ден қойылады. Кем дегенде 25 балабақша мен 10 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

- Біздің өткен жылғы экономикамыздың даму қарқыны 5% көлемінде болды. Әлі енді статистиканың ресми мәліметтері жоқ. Бірақ енді біздің болжамымыз бойынша ең кем дегенде 5,3-5,4% болады.  Ендігі біздің міндетіміз сол қарқынды төмендетпей әрмен қарай жұмыс жасауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы