387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғыз шаруалары Қазақстанға 60 мың тонна картоп жеткізуге дайын

  • 641
  • UPD: 09:25, 13.03.2019
Қырғыз шаруалары Қазақстанға 60 мың тонна картоп жеткізуге дайын

Қырғыз шаруалары Қазақстан нарығына 60 мың тонна картоп жеткізуге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетсек, карантин талаптарына байланысты көкөністің осы түрін елімізге әкелуге салынған тыйым 1 наурызда алынып тасталған болатын. Енді Қырғызстан жағы біздің нарыққа сапалы өнім жеткізу үшін қамданады. Көрші ел бізге картопты тиімді бағамен ұсынады. Қазір Қырғызстанда оның көтерме бағасы – 25 теңге. Әрине шаруалар өз өнімін қымбатырақ сатуға ниетті, бірақ бағаға әсер ете алмайды. Себебі көрші елде өнідірістік шығындары жоғары ұсақ шаруашылықтар көп.

Насирдин Шамшиев, Қырғызстан экономика министрлігі макроэкономикалық саясат басқармасының басшысы:

– Бізде ұсақ тауар өндіретін шаруашылық қалыптасқан. Сол себептен үкімет ірі шаруашылықтардың санын арттыруға күш салып жатыр. Онсыз тиімділік аз болады.

Хабар 24 телеарнасы