378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда мұнай-газ саласындағы отандық үлесті арттыру мәселесі талқыланды

  • 107
  • UPD: 08:33, 16.03.2019

Атырауда мұнай-газ өндіру саласына сервистік қызмет көрсету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Қазмұнайгазсервис-2019» дәстүрлі конференциясына Мәжіліс депутаттары, Энергетика министрлігі, отандық серивстік компаниялар мен шетелдік бірлескен кәсіпорын өкілдері қатысты. Биылғы конференция мұнай-газ саласындағы инжиниринг пен құрылыс саласына арналды. Бүгінгі таңда мұнай сервисінің кейбір саласы бойынша әсіресе инжиниринг және геофизикалық қызметтер бойынша отандық компаниялардың үлесі 10 процентті ғана құрап отыр. 2018 жылы мұнай-сервистік қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 2,8 трлн теңгені құраған. Оның 75 проценті «Теңіз» кенішіне тиесілі. Конференцияда қазақстандық сервистік қызмет көрсетуші компаниялар мен мердігерлерге ұзақ уақытқа несие беру мәселесі де көтерілді.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Парламент қабырғасында Мәжілісте мына мемлекеттік сатып алу заңында қолданысқа алған болатынбыз ол жердегі біраз өзгерістердің бәрі осы әсіресе мына мердігерлерге және сол қатысшуы операторлардың да бірлескен жауапкершіліктері қаралды. Сондықтанда бұл жерде әлеуметтік мәселелерде қарастырылды, жұмысшылардың орналасу мәселесі жалпы жұмыс сапасының деңгейі, Қазақстандықтардың біздің өзіміздің қазақ азаматтарының шетелдік компанияға жұмысқа орналасуын ұлғайту мөлшері қандай. Сондықтанда бұл өте күрделі мәселе.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы