379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Қазақстан мен Қытайдың ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде

  • 95
  • UPD: 13:33, 15.05.2019

Алматыда Қазақстан мен Қытайдың ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараның мақсаты – екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты нығайту, инвестиция тарту, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру. Жиын Қазақстандағы екі елдің бірлескен кәсіпорындарының көрмесімен ашылды. Бүгінде еліміздің әр өңірінде құрылыс, машина жасау, фармацевтика салалары бойынша 27 миллиард доллардың 55 бірлескен жобасы қолға алынған. Ауқымды шараға Қытайдың 11 провинциясынан, еліміздің 14 өңірінен 150 компания өкілдері қатысуда. Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы бірінші өңіраралық ынтымақтастық форумы 2017 жылы Қытайдың Наньнин әкімшілік орталығында өткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы