384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петре Мамрадзе: Н. Назарбаевқа құрметті төраға атағының берілуі – оның еңбегін лайықты бағалау

  • 110
  • UPD: 13:43, 30.05.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды.

Грузиялық танымал саясаттанушы Петре Мамрадзе бастаманың өте маңызды әрі бұрынғы Кеңес одағы елдерінің арасындағы қатынас тұрақты дамуы үшін қажет екенін айтады. Және де мұндай жетістік кез келген ел басшысының қолынан келмегенін жеткізді.

Петре Мамрадзе, саясаттанушы:

– Бұл іс аса көрнекті қайраткер Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан келгенін айту керек. Бір жағынан Қазақстанның дербестігін нығайтты. Екінші жағынан Ресеймен достық қарым-қатынасты сақтап қалды. Елде тұрақсыздық пен тәртіпсіздікке жол берген жоқ. Өкінішке орай бұрынғы кеңестік республикалардың көбінде осындай жағдай белең алып, олардың дамуына кері әсерін тигізді. Жалпы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті төраға атағының берілуі, оның еңбегін лайықты бағалау және саяси басшы ретінде зор беделінің бар екенін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы