386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге тікелей инвестиция тарту үшін нақты шаралар қабылданады

  • 122
  • UPD: 19:26, 20.08.2019
Елімізге тікелей инвестиция тарту үшін нақты шаралар қабылданады

Еліміздің қаржылық платформасын одан әрі нығайту үшін, оның ішінде қаржы орталығының құқықтық юрисдикциясын дамыту мақсатында Үкімет мүшелері Астана Халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заңға өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасының негізгі тұжырымдамасы инвесторға және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасына бірнеше мәрте келу визасын беру мүмкіндігін ұсына отырып, шетелдік жеке тұлғалардың капиталын елге тартуды қарастырады. Сонымен қатар заң жобасында орталық органдарының еңбек қатынастарын және сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқы бар екендігі жазылған. Бұл мәселелер Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды.

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

- Қаржы орталығы бизнесті шетелдік инвестициямен қамтуда және капиталға қол жеткізуде маңызды рөл атқаруы тиіс. Қайрат Нематұлы осы бағытта үлкен жұмыс жасап жатқанын баяндады. Барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар тиімді пайдаланып дамуына ықпал ету керек.

Хабар 24 телеарнасы