387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШОБ салық жүктемесін жеңілдету кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді

  • 178
  • UPD: 19:46, 25.08.2019
ШОБ салық жүктемесін жеңілдету кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді

Шағын және орта бизнестің салық ауыртпалығын жеңілдету кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға серпін береді.

Нәтижесінде «елдің өркендеу үдерісі жалғасып, тұрғындардың тұрмысы жақсара түспек» дейді ақтөбелік экономист-ғалымдар. Олар «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ел мен қоғамды дамытуға қатысты күрделі мәселелер көтерілгенін айтады. Соның ішінде кәсіпкерлікке салынатын салықты жеңілдету механизмін қарастыру лайықты қадам деп есептейді. Себебі шағын және орта бизнес – экономиканың негізгі қозғаушы күші. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жүйесінде де ашықтықтың болғаны дұрыс. Өйткені адамдарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлік саласының үздіксіз қызмет етуі сатып алуға орай өткізілетін байқауларға тікелей байланысты. 

Халел Құсайынов, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

- Жалпы біздің Қазақстанда салық басқа елдерге қарағанда төмен. Бірақ сонда да халыққа, шағын бизнеске ауыртпалық болмау үшін салықтың механизмін өзгертіп, жеңілдету жолы ашық болу керек бәрі. Тек ғана Үкіметке қарап отырмау керек халық. Жұмыс жасау керек. Жұмыс жасайтын болса, жұмыстанатын болса, онда өндіріс жұмыс жасайды. Сапалы тауарлар шығады.

Хабар 24 телеарнасы