389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан саяхаттауға арналған ең арзан 5 елдің қатарында

  • 371
Қазақстан саяхаттауға арналған ең арзан 5 елдің қатарында

Қазақстан туристер үшін ең арзан 5 елдің қатарына енді.

Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форум талдаушылары дайындаған рейтингтен белгілі болды. Оны құру кезінде мамандар бірінші кезекте халықаралық ұйымдардан келген ақпарат пен жергілікті бизнесмендердің берген бағасын ескеріпті. Оған ең алдымен қонақ үй мен жанармай бағасының арзандауы себеп болған. Бұған қоса, шетелдік туристердің сатып алу қабілеттігі, салықтың төмендігі мен әуежай алымдары да өз әсерін тигізген. Ал осыдан екі жыл бұрын еліміз туризм саласындағы баға көрсеткіші бойынша 8-орында болған еді.

Хабар 24 телеарнасы