386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның төлем жүйелері арқылы минутына 5,4 млрд теңге өтеді

  • 170
  • UPD: 23:48, 30.10.2019
Қазақстанның төлем жүйелері арқылы минутына 5,4 млрд теңге өтеді

Ұлттық төлем жүйелері арқылы минут сайын 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 9 айында Қазақстан Ұлттық банкінің төлем жүйелері арқылы 597,2 трлн теңге сомаға 30,6 млн транзакция жүргізілді. Бұл ретте күн сайын ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,3 трлн теңгеге 167,7 мың төлем жүргізіледі, яғни минут сайын операциялық күндері 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді» делінген хабарламада.

«Тұтастай алғанда, 2019 жылы Ұлттық банктің төлем жүйелерінің (банкаралық ақша аудару жүйесі және банкаралық клиринг жүйесі) жұмыс істеу коэффициенті 99,99%-ды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асады және төлем жүйелері жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды», - деп хабарлады Ұлттық банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның төлем нарығында барлығы 17 төлем жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде операторы Ұлттық банк болатын ұлттық төлем жүйелері және ақша аударым жүйелері және төлем карталары жүйелері жататын жеке төлем жүйелері бар.

Хабар 24 телеарнасы