380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Оңтүстік Кореямен бірлескен зауыттың құрылысы биыл басталады

  • 154
  • UPD: 15:20, 14.01.2020
Елордада Оңтүстік Кореямен бірлескен зауыттың құрылысы биыл басталады

Қазақстан астанасында электр энергияны үлестіретін шағын құрылғыларды шығаратын зауыт салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің Сеулге жасаған сапары барысында белгілі болды. Оңтүстік Кореямен бірлескен зауыттың құрылысы биыл басталып, ол 2021 жылы алғашқы өнімін шығара бастайды. Бұл құрылғылармен Қазақстан мен ТМД елдеріндегі халқы миллионнан асқан қалаларды қамту көзделіп отыр.

Сұлтан Ілиясов, Қазақстандағы электротехникалық компания департаментінің директоры:

– Технологияларымен бізбен толық бөліседі. Бұл ең жаңа технологиялар, соңғы патенттер 2013 мен 2016 жылдары жаңартылған. 37 миллион долларға өнім шығарамыз. Бүкіл ТМД елдерінің қажеттерін жабамыз.

Сондай-ақ Алтай Көлгінов Оңтүстік Корея астанасында киберқауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіндігімен танысты. Сеул орталығы 70-тен аса мемлекеттік мекеменің компьютерлерін бақылайды. Күн сайын оларға 70 мыңдай хакерлік шабуыл жасалады екен. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан әкімі Сеулдегі үлкен деректер кампусына барып қайтты. Бұл жерде мегаполис жөнінде барлық ақпарат талданады.

Хабар 24 телеарнасы