423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде инфляция деңгейі артты

  • 699
  • UPD: 15:03, 14.04.2020

Еліміздегі жылдық инфляция деңгейі болжамды дәлізден асып, 6,4 процент болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал базалық мөлшерлеме сәуірде 9 жарым процентке түскен.  Үкімет отырысында сөз алған министрлер қазіргі әлемдік экономика күрделі жағдайда екенін жеткізді. Бірінші тоқсанда ел экономикасы 2,7 процентке өсті. Сонымен қатар бірінші тоқсанның өзінде 2 млн 642 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «7-20-25» бағдарламасына жалпы құны 199 млрд теңге болатын 17 мыңнан аса өтініш түскен. Оның 14 мыңы мақұлданды. Несие демекші, қазақстандықтар 13,8 трлн теңге қарыз алған. Оның 7 трл-нын заңды тұлғалар рәсімдепті.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Осы жылғы қаңтар-наурызда экономиканың өсімі 2,7 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Базалық салаларда жалпы алғандаң оң динамика байқалады. Тау-кен саласында өсім 5 пайызды, өңдеуші салада  8,8 пайыз, құрылыста 11,7, машина жасау 30,4 пайызды құрады. Негізгі капиталдың инвестициялар өсу қарқыны 5,1 пайыз деңгейінде сақталып отыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы