412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде өндірілген мұнайды сақтайтын жер жетіспей жатыр - OPEC

  • 54
  • UPD: 17:31, 18.05.2020
Әлемде өндірілген мұнайды сақтайтын жер жетіспей жатыр - OPEC

OPEC секретариатының деректеріне сәйкес, әлемде мұнайға деген сұраныс қайта қаралды. Қазір ол екінші тоқсанда тәулігіне 81,3 млн баррельді құрап отыр. Бұл алдыңғы болжамға қарағанда 5,4 млн баррельге төмен көрсеткіш.

Болжамға сәйкес, үшінші тоқсанда мұнай тұтыну 92 млн баррель, ал төртінші тоқсанда тәулігіне 96,3 млн баррель болмақ. Сәйкесінше тұтынылмаған мұнай қоры қалдығының артуы байқалып отыр. ЭЫДҰ елдері бойынша өндірілген қара алтын қоры мұнай сақтағыштағы сыйымдылықтан асып түскелі тұр. OPEC мәліметінше, қазір бұл қор 3,2 млрд баррельге жетті. Қазір осынша мұнайды сақтайтын жер жетіспей жатыр. Осы оқиғаны болжағандықтан да OPEC мүшелері мұнайдың тәуліктік өндірісін 1 мамырдан бастап қысқарту туралы келіскен болатын.

«Хабар 24» арнасындағы брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы