365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Еurovision 2018. Үміткерлер соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр

  • 195
  • UPD: 23:48, 21.09.2018
Junior Еurovision 2018. Үміткерлер соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр

22 қыркүйекте Junior Еurovision 2018 халықаралық байқауына еліміздің атынан қатысатын үміткердің есімі белгілі болмақ.

Тәлімгерлер аламанның алдында балалардың демалып, бар күш жігерлерін үлкен сахнаға жұмсауы керектігін айтып, баптап-ақ жатыр. Іріктеу турында бағы жанған 10 үміткер ертең алматылық көрермендердің алдында өнер көрсетеді.

Полина Думитреску, вокал бойынша продюсер:

– Ән айту – өте қиын процесс. Сондықтан сахнаға шығар алдында балаларға дұрыс бағыт бағдар берген маңызды. Қатысушылар жауапкершілікті де сезінуі тиіс. Себебі кәсіби сахнаның талабы жоғары.

Халық арена залында қорытынды концерт алдындағы қарбалас таңертең басталған. Көрермендерге қызықты әрі көңілді болу үшін ұйымдастырушылар ойын-сауық бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін қарастырған. Айта кетейік, елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды жоба «Хабар» агенттігінің бастамасымен өткелі отыр. 

Ерлан Игісінов, «Хабар» телеарнасының директоры:

– Бұл байқауға Еуропалық хабар тарату одағына мүше елдердің өкілдері ғана қатысуға құқылы. «Хабар» агенттігі – осы одаққа мүше еліміздегі жалғыз арна. Сондықтан жүргізілген келіссөздер нәтижесінде биыл біздің балаларға Евровидение байқауына қатысу мүмкіндігі туды.

Ұлттық іріктеу байқауы ертең сағат 19-00-де Хабар телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрермендер мен қазылар алқасының ортақ шешімімен анықталған жеңімпаз 25 қарашада Минскіде өтетін байқауда ел намысын қорғайды.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Серік Бақбаев

Хабар 24 телеарнасы