389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның Табка қаласы лаңкестерден толық азат етілді

  • 475
  • UPD: 08:03, 16.05.2017

Сирия әскері «Ирак пен Левант лаңкестік тобын» тізе бүктірудегі кезекті жетістіктерін жария етті.

Соңғы мәлімет бойынша, жауынгерлер Алеппо қаласының жанындағы әскери аэродромды өз бақылауына алған. Сондай-ақ таяудағы бірнеше ауыл жаудан құтқарылды. Негізі соңғы 3 ай ішінде әскерилер өңірдегі 170 елді мекенді содырлардан азат еткен.

Айта кеткен жөн, қазір Сирияда «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы Ракка үшін шайқас жүріп жатыр. Өткен аптада ғана оның қасындағы стратегиялық маңызы зор Табка қаласы экстремистерден толық азат етілген.  

Хабар 24 телеарнасы