386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лаңкестер Мосулдағы штабын көшірді

  • 376
  • UPD: 23:37, 23.05.2017

Мосул қаласында бекініп келген «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы штабын көшіріп әкетті. Лаңкестер өз орталығын Мосулдан оңтүстікке қарай 170 шақырым жердегі Эль-Хавиджа шаһарына орналастырған.

Әскерилердің айтуынша, содырлардың өз орталығын ауыстыруға үкімет күштерінің қысымы себеп. Ал сарбаздар лаңкестердің шаһардың батыс бөлігіндегі бекіністерін толықтай талқандаудың алдында тұр.

Жаңа штаб орналасқан Эль-Хавиджа қаласы 2014 жылдан бері содырлардың қолында. Онда жарты миллионға жуық тұрғын бар.

Хабар 24 телеарнасы