386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лаңкестер Мосулдың 230-дан аса бейбіт тұрғынын қырып салды

  • 396
  • UPD: 13:36, 10.06.2017

Олар қаланың батыс бөлігінен қашпақ болған кезде содырлардың қолына түскен. Сондай-ақ Ирак әскері жергілікті жол бойынан 15 жасақшының мүрдесін тапты.

Олардың қол-аяғын байлап, тізерлетіп, атып тастапты. Осыны жасаған белгісіз біреулер «Ирак пен Леванттағы» лаңкестік ұйым қолданатын өлім жазасының тәсілін дәлме-дәл қайталаған.

Еске сала кетейік, лаңкестер бақылап отырған қаланың ескі бөлігі үшін бірнеше ай бойы шайқас жүріп жатыр. Экстремистер бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланып жүр. Қазір Мосулдың батыс бөлігінде 200 мыңдай адам қалды. Барлық жағынан қоршауда отырған олар азық-түлік пен дәрі-дәрмекке мұқтаж.

Хабар 24 телеарнасы