385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда G20 саммитінің соңғы күні өтіп жатыр

  • 476
  • UPD: 15:17, 10.07.2017

Германияның Гамбург қаласында «Үлкен жиырмалық» саммитінің екінші әрі соңғы күні өтіп жатыр. Делегация өкілдері бірқатар талқылаулар жүргізіп, кейіннен қорытынды декларацияға қол қояды деп күтіліп отыр.

Қатысушылар Африка елдеріндегі ахуал, сандық экономика, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық сақтау және көші-қон мәселесін тілге тиек етпек. Ал кешегі басқосу барысында лаңкестікпен күрес, сауда-саттық, ғаламдық жылыну тақырыптары төңірегінде сөз қозғалды. Осы ретте Ресей президенті мен АҚШ президенті арасындағы кездесу «G20» саммитінің алғашқы күнінің басты оқиғасына айналды.

Негізі Гамбургте екі күндік алқалы жиынға қарсы ереуілдер толастамай тұр. Жергілікті биліктің ескертуіне қарамастан, бүгін шаһар орталығына 12 мың адам жиылған. Шеру бейбіт түрде өтіп жатыр. Ал бұған дейін наразылық шарасының соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, соңғы мәлімет бойынша, 200-ден астам полицей жараланған. 

Хабар 24 телеарнасы