385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Лас-Вегастағы атыстан кейін қару туралы заңды қатаңдату мәселесі көтерілді

  • 531
  • UPD: 11:29, 03.10.2017

Лас-Вегастағы атыстан кейін қарудың еркін сатылуына қатысты заңды қатаңдату мәселесі тағы көтерілді.

Мұндай бастаманы демократиялық партияның депутаттары алға тартып отыр. Айтуларынша, осы заңның әлсіздігінен жазықсыз тұрғындар ажалға ұшып жатыр. Яғни қару ұстауға рұсат беру азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Керісінше басына қатер төндіреді. Мәліметтерге қарағанда көпшілікке оқ жаудырған Стивен Пэддок қару сатып алар алдындағы тексеруден кедергісіз өткен. Қару-жарақ дүкені иесінің айтуынша, қаскөйдің бойынан ешқандай жаман қасиеттің нышаны байқалмаған. Сондай-ақ полиция оның көлігін тінту кезінде жарылғыш жасауға қолданылатын химиялық қоспалар тапқан.

Дик Дурбин, Сенат депутаты:

- Бүгінде Америкада атыс-шабыс қалыпты жағдайға айналып барады. Бұған жол бермеуіміз керек. Қару-жарақты емін-еркін сатылуының кесірінен елімізде жыл сайын 30 мың адам опат болады. Азаматтар бейбіт күні көңіл көтеруге шығып, оққа ұшып жатыр. Бұған қалай қол қусырып қарап отырамыз?

Хабар 24 телеарнасы