386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондураста президенттік сайлаудың алдын ала нәтижелері жарияланды

  • 387
  • UPD: 15:44, 05.12.2017

Гондураста президенттік сайлаудан кейін дауыстарды санау аяқталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазіргі президент Хуан Орландо Эрнандес 42,98 пайыз дауыс жинаған. Ал, оның қарсыласы оппозиция өкілі Сальвадор Насралланың еншісінде 41,39 пайыз дауыс бар. Алайда оппозиция мүшелері бұл нәтижелерді мойындамайтынын бірден кесіп айтты. Сондықтан дауыстарды қайта санауды талап етіп отыр. Енді ресми қорытындылар кейінірек жарияланады.

Давид Матаморос, Гондурас сайлау сотының төрағасы:

– Гондурас халқы дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Біз олардың шешіміне құрметпен қарауымыз керек. Сайлау соты бюллетеньдерді дұрыс есептемеді не нәтижелерді бұрмалады деген әңгіме қисынсыз.

Айта кеткен жөн, Гондураста президенттік сайлау 26 қарашада өткен еді. Алайда билік саяси дода нәтижелерін жария етпей, біраз жүріп алды. Бұл жайт бүкіл ел бойынша жаппай ереуілдердің белең алуына әкеп соқтырған. Көп жағдайда наразылық шаралары тәртіпсіздіктерге ұласып, 7 адам қаза тапты. Жағдайдың ушығуына байланысты елде коменданттық сағат жарияланды.  

Хабар 24 телеарнасы