384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинадағы Пилькомайо өзені арнасынан асты

  • 512
  • UPD: 11:32, 03.02.2018
Аргентинадағы Пилькомайо өзені арнасынан асты

Нөсер жауын Латын Америкасындағы Аргентина тұрғындарын да әбігерге салды.

Елдің солтүстігіндегі Пилькомайо өзені арнасынан асып, жолындағының бәрін жайпап жатыр. Жергілікті билік жағалауға жақын маңайда қоныстанған 10 мың тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірді. Тасқынның күштілігі соншалық көліктер мен үйлерді бүтіндей ағызып әкеткен. Ресми мәліметтерге қарағанда, өзен суы қалыпты деңгейден 6 метрге жоғарылаған. Болжам бойынша ол алдағы 4 күн бойы одан ары көтеріле түсуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы