389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дубайда ерекше көлік түрі сынақтан өтуде

  • 1112
Дубайда ерекше көлік түрі сынақтан өтуде

Дубай көшелерінде көліктің жаңа түрі қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Электр қуатымен қозғалатын көлік әзірге сынақтан өткізіліп жатыр. Олар Италияда құрастырылған. Аккумуляторының күші үш сағат тынымсыз қозғалуына жетеді. Кабинасында 6 орын бар. Тағы төрт кісі түрегеп тұра алады. Өзінің салмағы – 1 жарым тонна. Сынақ кезінде электро-кар сағатына 20 шақырым жылдамықпен ғана қозғалды.

Халед аль-Авадхи, Дубайдың жол және тасымал басқармасының қызметкері:

– Қолданысқа енсе, жылдамдығы артады. Трамвай тіпті метро пойыздарының жылдамдығымен бірдей болуы да мүмкін. Негізі олар сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Бірақ жолдың сапасы мен баратын бағдардың әсері болатыны сөзсіз.

Бұл көліктің бір ерекшелігі, қажет болса капсулаларды бір-бірімен жалғауға не ажыратуға болады. Ол үшін 20 секунд жетіп жатыр. Құрастырушылар көлік қауіпсіз дейді. Ол камера және қорғаныс жүйесімен жарақталған. Апатты жағдайда тікелей адамның өзі жүргізуге де бейімделген. Ал адамдар жол ақысын мобильді қосымша арқылы төлей береді. Дубай билігі 2030 жылға қарай шаһардағы барлық қоғамдық көлікті осындай техникамен жарақтамақ.

Хабар 24 телеарнасы