385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда 5,2 тонна кокаин есірткісі тәркіленді

  • 374
  • UPD: 15:23, 07.03.2018
Колумбияда 5,2 тонна кокаин есірткісі тәркіленді Bigmir.net

Колумбия полициясы Бельгияға экспорттауға дайындалған банандардың арасынан 5,2 тонна кокаин есірткісін тапты.

Арнайы қызмет мамандары оны Антиокия аймағындағы кемежайдан ұстады. Ресми өкілдердің айтуынша, бұл жыл басынан бері қолға түскен ең ірі есірткі партиясы. Алдын ала тергеуге қарағанда, құны 350 миллион еуро болатын жүк «Усуга тобы» деп аталатын Колумбиядағы қылмыстық бірлестікке тиесілі. Тіпті АҚШ тарапы оның жетекшісі Дайро Усуганы ұстауға көмектескен адамға 5 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған.

Айта кетейік, Колумбия кокаин есірткісін өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы ел болып отыр. Билік есірткімен күрес үшін барлық шараларды қолға алғанына қарамастан жыл сайын Колумбияда 900 тонна есірткі дайындалады.

Хабар 24 телеарнасы