389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядағы жауынгерлер қауіпсіз жерге көшірілді

  • 470
Сириядағы жауынгерлер қауіпсіз жерге көшірілді

Сирияның Шығыс Гута аймағынан сарбаздардың алғашқы тобы шығарылды.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Дерек бойынша, 13 жауынгер мен олардың отбасы Дамаск маңынан кеткен. Алдағы уақытта олар Идлибке көшіріледі. Өзге сарбаздарды көшіру процесі Сирия үкіметі өкілдерінің қатысуымен әлі де жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, кеше Шығыс Гутаға халықаралық гуманитарлық ұйымдардың жасағы аттанған еді. Аймақта гуманитарлық үзілістің жариялануы жауынгерлерді қауіпсіз жерге көшіруге мүмкіндік беріп отыр. Айта кеткен жөн, аймаққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберу үшін гуманитарлық дәліздер ашылған. Осы жолдар арқылы бейбіт тұрғындарды шығару көзделген. Қазір бұл ауданда 400 мыңдай адам бар. Атыс-шабыстың кесірінен өткен аптада адамдарды қауіпсіз жерге көшіру операциясы тоқтатылып, жүк көліктері кері қайтуға мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы