389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутадан 100 мыңнан астам адам кеткен

  • 471
  • UPD: 13:11, 25.03.2018
Шығыс Гутадан 100 мыңнан астам адам кеткен

Сирияда қарулы топтар бекінген Шығыс Гута аймағынан кетіп жатқан бейбіт тұрғындардың қатары күн санап артып барады.

Қазіргі саны 100 мыңнан асқан. Тұрғындар үкімет әскері құрған гуманитарлық дәліз арқылы өзге өңірлерге өтіп жатыр. Соғыстан қажып, әупірімдеп сытылып шыққан халыққа азық-түлік таратылып, дәрігерлік көмек көрсетіледі. Кей қарулы топтармен арадағы келісімге сәйкес, қақтығыс аймағынан соңғы бірнеше күннің ішінде тағы 3 мыңға жуық көтерілісші отбасын алып шыққан. Олар арнайы автобустармен Идлиб провинциясына бет алған. Ал Шығыс Гутада үкімет әскері Эйн-Терма мен Хараста қаласын бақылауына алды. Бірақ кейбір аумақтарда қарулы топтар әскерилерге әлі де қарсылық көрсетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы