389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каир мен Мәскеу арасында тікелей әуе рейсі ашылды

  • 423
  • UPD: 13:11, 14.04.2018
Каир мен Мәскеу арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Каир мен Мәскеу бағытында қатынайтын тікелей әуе рейсі ашылды.

Бортында 100-ден астам жолаушысы бар EgyptAir ұшағы Домодедово әйежайына келіп қонды. Естеріңізге сала кетейік, екі ел арасындағы әуе қатынасы 2 жарым жыл бұрын үзілген еді. Бұған «Когалымавиа» әуекомпаниясы ұшағының Синай көгінде апатқа ұшырауы түрткі болды. Шарм-эш-Шейхтен Петербург қаласына бағыт алған лайнер бортындағы 217 адамның барлығы да ажал құшқан еді. Федералды қауіпсіздік қызметінің дерегі бойынша, оқиға лаңкестік әрекет деп танылды.

Мәскеу тұрғыны:

– Менің ойымша, қалған рейстер жылдың соңына дейін ашылады. Бірақ ұшу уақыттары өзгеретін сыңайлы. Бұл жай болжам ғана. 

Мәскеу тұрғыны:

– Тікелей рейстердің ашылуын ұзақ күттім. Осы жаңалықты естігеннен кейін дереу билет сатып алдым.

Хабар 24 телеарнасы