389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияның жартыдан астам аумағын билейтін генерал Хафтардың өлімі туралы ақпарат тарап жатыр

  • 389
  • UPD: 20:44, 14.04.2018
Ливияның жартыдан астам аумағын билейтін генерал Хафтардың өлімі туралы ақпарат тарап жатыр @news_executive

Билігінің арасына жік түсіп, тоз-тозы шыққан Ливия жерінің 50 пайыздан астамын Халифа Хафтар атты генерал қадағалайды.

Таяуда шетелдік БАҚ-та Хафтардың Париждегі ауруханалардың бірінде қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Ол Францияда жүрек талмасынан ем қабылдаған екен. Сондай-ақ ақпарат құралдары генерал көз жұмғанға дейін комада болғанын жазды.

Алайда Хафтардың қол астына қарасты Ливияның ұлттық армиясы өз қолбасшысының қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Ливияда 2011 жылы басталған азаматтық соғыстан биліктің арасына жік түсіп, Триполиде Ұлттық бірлік үкіметі таққа отырды. Ал мұнымен келіспеген генерал Хафтар Ливияның ұлттық армиясын өзіне қаратып алып, елдің аймақтарын өз бетінше қадағалай бастаған болатын.

Дереккөз: News Executive, Regnum

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы