387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ әскері Сирияда қала бермек

  • 580
  • UPD: 17:32, 16.04.2018

Франция президенті Эманнуэль Макрон АҚШ президентін Сириядағы әскерін алып кетпеуге көндірді.

Бұл туралы ол жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Сирия аумағына соққы берер алдында Ақ үй басшысымен телефон арқылы сөйлескен. Сөйтіп мұндай шешімнің маңыздылығына сендірген. Сондай-ақ Макрон Батыс елдерінің Дума қаласында химиялық қару қолданылғаны жөнінде айғақтары бар екенін жеткізді. Сондықтан «зымаранмен соққы жасау дұрыс әрекет», – деді ол.  

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

- 10 күн бұрын президент Трамп маған Құрама Штаттар әскерінің Сириядан кететіні жөнінде айтты. Бірақ мен әскердің бұл елде қалуы керектігін айттым. Және де химиялық қаруға байланысты тек белгілі бір нысаналарға ғана соққы берудің қажеттігін айтып сендірдім. Ал соңғы жасалған соққылар бұл мемлекетте болып жатқан оқиғалардың ең маңыздысы деп ойламаймын.

Айта кетейік, өткен сенбі күні АҚШ, Ұлыбритания және Франция үштік одағы Сирия аумағын атқылап, 105 зымыран ұшырды. Бұл соққы Сирия әскері Дума қаласындағы бейбіт тұрғындарға химиялық қару қолданды деген желеумен жүзеге асырылды. Бірақ ресми Дамаск бұл айыптауды жоққа шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы