386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемалада жанартау халықтың өміріне қауіп төндіріп тұр

  • 439
  • UPD: 12:01, 06.06.2018

Гватемала биілігі Фуэго жанартауына жақын орналасқан аудандардағы қалып қойған тұрғындарды дереу қауіпсіз жерге көшіруді бастады.

Себебі одан төнген қауіп күшейіп барады. Эвакуация апат аймағында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар мен дәрігерлерге де қатысты болмақ. Ал соңғы ақпарат бойынша Фуэгоның атқылауынан қаза тапқандардың саны 72-ге жеткен. 30-дан астам адамға ауруханаға жеткізілген. 3 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 1 жарым мыңнан астам тұрғын уақытша орталықтарға орналастырылған. Қазір БҰҰ апатттың салдарын анықтау үшін Гватемалаға гуманитарлық миссиясын жіберді. Олар елге қандай көмек қажет екенін бағалауы тиіс. Еске сала кетейік, Фуэго жанартауы жексенбі күні атқылай бастады. Онан шыққан күл 10 шақырым биіктікке дейін көтеріліп, 2 миллион халық тұрып жатқан 5 өңірді шарпыды.

Летисия Гарсия, жергілікті тұрғын:

- Апаттан көп адамдар жанұяларынан, үй-жайынан, мал-мүлкінен,  бәрінен айырылды. Үкімет бізге көмектеседі деп үміттенеміз. Біздің жағдаймызы өте ауыр.

Серджио Васкес, өрт сөндіруші:

- Қазір біз апат аймағында 100-ге жуық адам қалып қойып отыр деп шамайлаймыз. Бірақ оларға көмектесуге жанартаудың атқылауынан кейінгі жағдай, яғни шоқтың күлі кедергі келтіріп тұр.

Хабар 24 телеарнасы