387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемаладағы апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды

  • 384
  • UPD: 20:00, 10.06.2018
Гватемаладағы апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды

Гватемалада Фуэго жанартауының атқылауынан қаза тапқандар саны 109-ға жеткен еді.

Тағы із-түзсіз жоғалып кеткен 200-ге жуық адам табылмай жатыр. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды. Себебі жауын жауып, лай көшкіні қаупі төнген. Ал табиғат апатынан 1,5 миллионнан астам адам жапа шегіп, 12 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Жанартаудан шашыраған күл мен шоқ елдегі егістік алқаптардың жартысынан көбін бүлдіріген. Ал адам шығынының көп болуына жанартаудан төнген қауіп туралы ескертудің кешіктірілгені себеп. Осыған байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Хосе Тикуру, жергілікті тұрғын:

– Жанартау атқылағанда түні бойы қатты гүрсілдеп, аспаннан тас пен күл жауғандай болды. Ол бүкіл қаланы басып қалды. Көп адам зардап шекті. Балаларымның бәрінен айырылдым. Әйелім басқа қалада болып, тек екеуіміз тірі қалдық.

Хабар 24 телеарнасы