383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биткоинның бағасы қымбаттап барады

  • 348
  • UPD: 15:26, 24.07.2018

Күн санап цифрлы ақшаның құны қымбаттап келеді. Екі айдан бері алғаш рет криптовалютаның курсы 7 мың 500 доллардан асып жығылды.

Бүгінде биткоин 8 мың долларды құрайды. Сарапшылардың пікірінше, мұндай күрт өсімге бірнеше жағдай әсер еткен. Оның бір себебі биткоинға қатысты толыққанды «И-Ти-Эфтің» жүзеге асырылуы және жапон үкіметінің цифрлы нарықты тұрақтандыруға қатысты жаңа ұстанымы. Ресми деректерге сәйкес, криптовалюта нарығының капиталы 288 миллиард долларды құрайды. Оның ішінде интернеттік валютаның 45,5 пайызы биткоинға тиесілі. 

Хабар 24 телеарнасы