375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроаймақта экономикалық өсім баяулады

  • 541
  • UPD: 11:55, 31.10.2018
Еуроаймақта экономикалық өсім баяулады

Еуроаймақтың экономикалық өсімі ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында бәсеңдеп қалды.

Бұл туралы Еуропаның статистикалық агенттігі хабарлайды. Кезекті тоқсандық есебіне сәйкес, 19 елдің жалпы ішкі өнімінің жиынтығы 0,2 пайызға ғана өскен. Бұл бұған дейінгі көрсеткіштерге қарағанда екі есе кем. 

Кристиан Спар, Еурокомиссияның баспасөз хатшысы:

- Еуростаттың болжауынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында еуроаймақтың жалпы ішкі өнім 0,2 пайызға өскен. Ал Еуроодақ бойынша 0,3 пайызға ғана арттты. Нақты ақпарат қараша айының 8 күні жарияланады.

Өткен жылы еуроаймақтың экономикалық өсімі 2,03 пайызды құраған. Қыркүйек айында Еуропа Орталық банкі 2018 жылға болжам жасап қойған болатын. Оған сәйкес, өсім 2 пайызға дейін жету керекті. Сарапшылардың пайымдауынша, биылғы көрсеткіш Италия экономикасының құлдырауына тікелей байланысты.

Хабар 24 телеарнасы