385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ химиялық қаруға қарсы шара қолданбақ

  • 350
Еуроодақ химиялық қаруға қарсы шара қолданбақ

Еуроодақ химиялық қаруға тыйым салу ұйымы мандатын кеңейту шешімін қолдады.

Бұл туралы одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша өкілі Федерика Могеринидің ұйым басшысы Фернандо Ариаспен өткізген келіссөздерінде белгілі болды. Бұл – химиялық қаруға тыйым салу ұйымының жаңа басшысының Еуроодақ дипломатиясы жетекшісімен алғашқы кездесуі. Еске салып кетсек, биыл маусым айында Еуроодаққа мүше 28 елдің түгелі ұйымды реформалауға бағытталған ұсынысқа өз қолдауын білдірген болатын.

Химиялық қаруды қолдануға қатысы бар демеушілерден, ұйымдастырушы мен орындаушылардан тұратын барлық тұлғаны анықтауға қатысатын ұйымның үлесі туралы шешімді Еуроодақ толықтай қолдап отыр. Еуроодақ алдағы уақытта да кімнің, қай жерде, қандай мақсатпен химиялық қару қолданғанына қарамастан, ол әрекеттерін сөзсіз айыптап, қарудың қолданылуын тоқтатуға және оған қатысы барлардың жазасыз қалмауына бар күшін жұмсайды.

Хабар 24 телеарнасы