445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемалалықтар Ибероамерикалық саммит қарсаңында шеруге шықты

  • 472
  • UPD: 13:32, 17.11.2018
Гватемалалықтар Ибероамерикалық саммит қарсаңында шеруге шықты

Ибероамирикалық саммит өтетін Гватемаланың Антигуа қаласында ондаған адам шеруге шықты.

Акцияға қатысушылардың бір тобы дәрігерлердің жалақысын өсіруді талап етуде. Ал екінші бір бөлігі Никарагуа президенті Даниэль Ортеганың кездесуге шақырылғанына наразы. Себебі, «Никарагуа басшысы елдегі адам құқықтарын сақтамай, өз азаматтарын қудалауға ұшыратып отыр», – дейді олар. Бірақ президент Ортега саммитке қатыспайтын болды. Айта кетейік, Никарагуада сәуір айында үкіметтің экономикалық саясатына қарсы толқулар басталған. Бірнеше айға созылған шерулер кезінде адам құқықтары өрескел бұзылып, 200-ге жуық тұрғын қаза тапты.

Маноло Лагос, никарагуалық эмигрант:

- Ибероамерикалық саммитке қатысушылар Ортега режимін қатаң айыптайды деп үміттенеміз. Ол өзінің халқына қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуы керек.

Бренда Эрнандес, Гватемала тұрғыны:

- Ортеганы саммитке шақыру бізді қорлаумен тең. Өйткені оның әрекеті сыбайлас жемқорлық, диктатура және адамзатқа қарсы қылмыспен байланысты.

Хабар 24 телеарнасы