417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда ұшақ мамандарының ереуілінен әуе рейстері кешігіп жатыр

  • 1129
Германияда ұшақ мамандарының ереуілінен әуе рейстері кешігіп жатыр

Берлиндегі Тегель және Шенефельд әуежайында ондаған әуе рейсі кейінге шегерілді.

Ондағы ұшақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандар ереуілге шыққан. Олар басшылықтан жалақыны көбейтуді талап етті. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, наразылық шеруі 80 ұшақты кідірткен. Қазір 20 қызметкердің атынан шыққан кәсіподақ ұйымының өкілдері жұмыс берушілермен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге еш мәмілеге келе алмаған.

Хабар 24 телеарнасы