414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінде 49 мигрант құтқарылды

  • 789
  • UPD: 19:54, 11.01.2019
Жерорта теңізінде 49 мигрант құтқарылды

Жерорта теңізінде құтқарылған 49 мигрантты Мальта билігі уақытша өз еліне қабылдауға келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келімсектер мінген кеме теңізде үш апта бойы қалқып жүрген. Олардың көбі теңіз ауруына шалдыққан. Алғашында Италия мен Мальта кірмелерді қабылдаудан бас тартқан болатын. Мальта билігінің айтуынша, шағын ғана елде онсыз да 249 келімсек жүр. Ал Италия билігі болса «бұдан былай бір де бір заңсыз мигрантты елге кіргізбейміз» деп бекініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы