419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде ақылы күндізгі оқу орнына түсетін студенттердің саны 15 пайызға артқан

  • 1219
  • UPD: 08:33, 15.01.2019
Ресейде ақылы күндізгі оқу орнына түсетін студенттердің саны 15 пайызға артқан

Ресейдің жоғарғы оқу орындарында 8 жыл ішінде ақылы күндізгі оқу орнына түсетін студенттердің саны 15 пайызға артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жалпы ақылы оқығандардың 25 пайызы – мектепті үздік бітіргендер. Бұл – 2018 жылдың қабылдау кампаниясының жүргізген мониторинг нәтижесі. Зерттеушілер мұндай көрсеткіш халықтың білім нарығында дұрыс жол таба білгенінің дәлелі екенін айтады. Айтуынша, білім алуда ақша үнемдеп, болашақта аз жалақы алғанша, дер кезінде қажетті инвестиция құйып, жақсы табыс тапқан абзал. Сонымен қатар күндізгі оқуды бітіргендердің жалақысы сырттай оқығандарға қарағанда 1,5 есе артық екені анықталды. Ал 2019 жылы Ресей бюджетінен 575 мың орын қаржыландырмақ. Олардың ішінде күндізгі және сырттай бакалавриат бөліміне 315 мың орын, ал қалғаны магистр мен аспиранттарға арналады. Белгілі болғандай, болашақ инженер, педагог пен дәрігер мамандығына бюджеттен қаржы көптеп бөлінген.

Тимур Токмурзин, Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы қаржы университетінің оқытушысы:

– Өнеркәсіп пен сауда министрлігі және экономикалық даму министрлігінің зерттеулері бойынша, болашақта экономистер мен заңгерлерге сұраныс айтарлықтай азаяды. Бүгіннің өзінде бухгалтерлік, қаржы-экономикалық мамандықтардың біртіндеп қысқарып бара жатқаны дәлелденді. Мәселен, аталмыш мамандық түлектерінің 50 пайызы жұмыссыз қалып жатыр. Яғни олар мүлдем басқа салада еңбек етуде.

Хабар 24 телеарнасы