418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун аяқталды

  • 1325
  • UPD: 13:55, 26.01.2019
АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун аяқталды Голос Америки

АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун, яғни кей мемлекеттік органдардың уақытша жұмыс істемеуі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Трамп конгресс бекіткен 15 ақпанға дейінгі бюджетті қабылдады. Енді алдағы үш аптада мемлекеттің ұзақ мерзімді бюджетіне қатысты келіссөз жүргізбек. Бірақ Ақ үй қожайыны, мұндай қадамға демократтар емес, жүздеген мың адамның жағдайын ойлағандықтан барғанын жеткізді. Оның айтуынша, егер алдағы 3 аптада тараптар келісімге келе алмаса, текетірес қайта басталады.

Еске сала кетейік, АҚШ-та шатдаун 22 желтоқсан күні басталған. Оған Трамптың Мексикамен шекарада қабырға тұрғызуға бюджеттен 5,7 миллиард доллар бөлуді сұрауы себеп. Бірақ демократтар оған қарсы шығып, бірақатар мемлекеттік органдар жұмысын тоқтатты. Салдарынан 800 мың адам ақысыз демалысқа жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы