430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рим Папасы алғаш рет БАӘ-ге барды

  • 2287
  • UPD: 22:13, 04.02.2019
Рим Папасы алғаш рет БАӘ-ге барды Фокус

Франциск Рим Папасы алғаш рет тарихи іссапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.

Ол бірден Әбу-Дабиде орналасқан президенттік сарайда мұрагер ханзада Мохаммед бен Зайд әл-Нахайянмен кездесті.  Сапардың мақсаты – дінаралық диалог бойынша конференцияға қатысу. Бұл шарада дін мәселелері, радикализмнің алдын алу және экстремистік көзқарастармен күрес мәселелері талқыланады.

Конференция 3 күн бойы жалғасады. Бұл күндері Рим Папасы елдегі 900 мың адамнан құралған католиктер қауымдастығымен кездеспек. Олар Біріккен Араб Әмірліктерінің 10 процентін құрайды.

Хабар 24 телеарнасы