386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте бір топ жас банктердің маңына «Тойға несие алма!» деген жазу қалдырды

  • 606
  • UPD: 23:38, 11.02.2019

Тойға несие алма! Бішкектегі бір топ жас жүргіншілер жолы мен жерасты өтпе жолдарына осындай жазу қалдырды. Айта кететіні олардың бәрі банктер жанында орналасқан.

Жастар замандастарының дүркіретіп той өткізу үшін жиі несие алатынына қаймығады екен. Себебі соның салдарынан қаржылық құлдыққа душар болады екен. Тіпті кейбіреуі қарыздан құтылу үшін өзге елдерде жұмыс іздеуге мәжбүр.

Мирэль Асанов, студент:

- Жеке өзім несие алып, қарызға батудың орнына қаражат жинау қажет деп санаймын. Өзім дәл осылай істеймін, бәрін алдынала жоспарлаймын. Ақшам болса, той істеймін, болмаса алдымен жұмыс істеп, ақша табамын.

Хабар 24 телеарнасы