389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Вьетнам президенті Нгун Фу Чонгпен кездесті

  • 624
  • UPD: 12:08, 27.02.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысымен кездесу алдында Вьетнам президентінің қабылдауында болды. 

Нгуен Фу Чонг Трамппен Ханойдағы президенттік сарайда  кездесті. Ал АҚШ президенті мен Солтүстік Корея басшысының басқосуы бүгін-ертең өтеді. Бұған дейін Ақ үй әкімшілігі Трамп пен Ким Чен Ын бүгін 20 минуттай жеке-дара жүздесетінін хабарлаған. Кездесу кешкі сағат 6-дан 40 минут кеткенде басталып 7-ге дейін жалғаспақ. Осыдан кейін екі ел басшысы бірге тамақтанады.

Айта кетейік, Астана мен Ханой арасындағы уақыт айырмашылығы – 1 сағат. Тарихи кездесу әлемдік БАҚ назарында. Саммит туралы ақпарат тарату үшін Вьетнам астанасына қырық елден 3 мың 5 жүзден астам тілші келген. Олардың арасында «Хабар 24» телеарнасының тілшісі де бар.

Хабар 24 телеарнасы