384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Миланда нәсілшілдікке қарсы шеру өтті

  • 445
  • UPD: 11:36, 03.03.2019
Миланда нәсілшілдікке қарсы шеру өтті

Италияның сән астанасы Миланда да наразылық шеруі өтіп, 200 мың адам көшеге шықты. Бірақ мұнда халық нәсілшілдік пен елдің миграциялық саясатына наразылық танытуда.

Шерушілер биліктің өткен жылдан бері елге ағылған мигранттардың легіне тосқауыл қойып, оларды қабылдауды азайтқанына қарсы. Еске сала кетейік, Италияда былтыр әсіре ұлтшылдар билік басына келген соң миграциялық саясатты қатаңдатты. Джузеппе Конте үкіметі теңізде мигранттарды құтқарып алған кемелердің ел аумағына кіруіне тыйым салды. Осыдан кейін Апеннин түбегіне ағылған босқындардың саны 80 пайызға азайды.

Хабар 24 телеарнасы