420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузия Аналар күнін тойлап жатыр

  • 1240
  • UPD: 23:55, 03.03.2019

Биыл 28-рет ұйымдастырылған мерекенің мәні не?

Бұл күні Грузияда ешбір ана гүлсіз қалмайды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Әсіресе мынадай ерекше тәсілмен жиналған гүл шоқтары тұрғындар арасында сұранысқа ие. Сондықтан сатушылардың жұмысы таң қылаң бере басталып кетеді. Ал мерекеде ана атанған қыз-келіншектердің қуанышы еселене түседі. Мәселен, бұл күні Грузияда 12 сәби дүниеге келген.       

Эка Кантария, дәрігер:

- Аналар қауымын құттықтаймын. Біздің перзентханада бүгін 3 сәби дүниеге келді. Барлығының жағдайы жақсы. Аналардың барлығы бақытты, ал сәбилердің денсаулығы мықты болсын.

Аналар күні Грузияда 1991 жылы президент бұйырығымен бекітілген. Болашақта бұл мереке Халықаралық әйелдер күнін алмастырады деген болжам айтылған. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Сондықтан Грузияның қыз-келіншектері көктемді екі мерекемен қарсы алады.  

Анастасия Куликова, қала тұрғыны:

- Сүрлеуі көп соқпақ жолдың талайымен жүріп өткен аналарды құттықтағым келеді. Әрине, барлығымыз пендеміз, дегенмен ананың балаға, ал баланың анаға деген махаббаты өте күшті. Міне, гүл сатып алдық, құттықтауға бара жатырмыз. 

Георгий Гилигашвили, қала тұрғыны:

- Өте маңызды күн. Аналарға бақыт, қуаныш тілеймін. Балаларымен және отбасымен бақытты ғұмыр кешсін.

Аналар күні – отбасылық мейрам. Бұл күні мерекелік дастархан басына ең жақын адамдар ғана жиналады. Ал барлық тілектер мен құттықтаулар бір ғана адамға – анаға арналады.

Авторлары: Татия Джанибегашвили, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы